2023 жылдың 16-17 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы мектеп-лицейінде «Оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының әдістері мен формалары» тақырыбында екі күндік облыстық семинар-практикум басталды. Сырым ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар жұмысына Кәсіби білім беру кафедрасының меңгерушісі Сәнім Абитова мен аға оқытушы Динара Жумагалиева жетекшілік етуде.
Бұл семинар білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) процесіне дайындық кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатын көздейді.
Семинар барысында мәтіннің әр түрімен жұмыс істеуге, ақпараттың мәнін тез талдап, түсінуге, сыни және логикалық ойлауға үйрету жолдарын тәжірибеде қолдана білуге, ақпаратты табу, шығару, біріктіру аясында жұмыстанады. Сондай-ақ интерпретациялау, пайдалану, талдау және бағалау қабілетін дамытатын оқу тапсырмаларымен шұғылданады.




