Екі күндік семинар-практикум

Бүгін 3 наурыз күні Оралдағы «Өрлеу» институтында екікүндік  «Нақты өзгерістер: оқыту сапасын арттыру үшін Lesson Study және Action Research қалай пайдалануға болады?» тақырыбындағы семинар-практикум жалғасын тапты.

 Ұйымдастырылған шарада институт директорының орынбасары Байкатова Күміс Ильясовна Lesson study технологиясының тарихы және әдістемесі мен сабақта  зерттеуді жүргізудің негізгі кезеңдері мен алгоритмін анықтауға тоқталып, семинардың алғашқы күні алынған білімдерін нақтылап өтті. 

Иститутының аға оқытушылары  Lesson study және Action research технологияларының  салыстырмалы талдау,  оқыту сапасын арттыру үшін сабақты зерттеудің саласы мен мәселесін анықтау бағытында Kahoot тапсырмаларын орындау жолымен бөлісті.

Еске сала кетсек, жақында ғана институттың тәжірибелі аға тренері Габбасова Багдагүл Бекқалиқызы Түркияның Анкара қаласында білімін жетілдіріп келген болатын.  Семинар барысында «Иксад» институты «Action research» тақырыбындағы халықаралық деңгейдегі біліктілікті арттыру курсынан алған іс- тәжірибесі жайында айтып өтті.

Шара қорытындысында қатысушылар өздерінің әсерлерімен бөлісіп, керібайланыс берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар