Екі күндік тамыз конференциясы қорытындыланды

  25 тамыз күні «Атамекен» өнер орталығында бірыңғай панельдік сессияға  ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Премьер-министр Әлихан Смайылов және   Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева қосылады. Пленарлық отырысқа облыс әкімі, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының басшылары, білім бөлімдерінің, әдістемелік кабинеттердің, білім басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындары  ПОҚ, КжТБ ұйымдарының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, НЗМ өкілдері,   ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі қатысты.

        Жиынды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман  Төреғалиев алғысөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев «Білім саласындағы басқарудың тиімділігін арттырудың бағыттары», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы м.а. Ақерке Ардаққызы  «Қазіргі заманғы басшыларды дайындау мәселелері», ПШО Алматы қаласы Филиалы директоры Берік Асубаев «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» республикалық кадрлық резервін қалыптастыру, ҚР президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин «Ұлттық құрылтай: тарихи сананың жаңғыруы», Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Дуйшонкул Шаматов (Оқу жоспары аясындағы PgD, оқу процесі, Онтарио білім беру саласындағы зерттеу институты, Торонто, Канада) «Мұғалімдердің ынтымақтастық мәдениетін ілгерілетудегі мектеп басшыларының рөлі», «Bilim Media Group» ЖШС атқарушы директоры Санжар   Кенжеханұлы «Білім мекемелерін басқару трендтері, Орал қаласы М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі директоры Шынар Сағынғалиева «Командалық басқару – кәсіби қызмет саласы», Орал қаласы №16 ЖОББМ директорының орынбасары Жұмабай «Кадрлық резерв: кәсіби өсу перспективалары», Орал қаласы М.Өтемісов атындағы БҚУ доцент,тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев «Көшбасшы феномені: дәстүр мен жаһандану (білім беру жүйесі мысалында)» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды. Екі күн ішінде 50 баяндама тыңдалып, үздік педагогтердің 20 шеберлік сабақтары ұсынылды. Сондай-ақ кейс-сессиялар, дөңгелек үстелдер, воркшоптар және пікір алмасу алаңдары оздырылды. 

       Екі күндік дәстүрлі тамыз кеңесінде үздік деп танылған баяндамашылар сертификаттармен марапатталып, мерекелік концертпен қорытындыланды. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар