Елі бар да ер ұмытылмайды

2021 жылдың 5 қараша күні Қобда көпсалалы колледжінде  Кеңес Одағының Батыры Иманғали Білтабановты еске алу құрметіне орай  техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Елі бар да ер ұмытылмайды» атты  облыстық дәстүрлі волейбол жарысы өтті.

Спорттық бәсекеге  облыстың техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының спорт командалары қатысты.

Салтанатты жиынның ашылуында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы кафедраның  аға оқытушысы, магистр Б.К.Бухарбаев, Қобда көпсалалы колледжінің директоры А.С.Курганбаев сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты.

Тартысты өткен жарысқа барлық құрама команданың ойыншылары шеберліктерін көрсетті.

Жеңімпаздар дипломдармен, кубок, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар