Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ” Ақмола облысы бойынша КДИ “2022 жылдың 13 мамырында”Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балаларды оқыту: тәжірибе және ұйымдастырудың заманауи әдістері” тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді.
Конференцияға қатысушылар: “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалдарының, “Педагогикалық шеберлік орталығы” филиалдарының, жоғары оқу орындарының басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам, облыстық білім басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері әріптестерінің тәжірибесімен танысып, өзінің білім беру ұйымдарында инновациялық тәжірибені қолдану жолдарын анықтауға мүмкіндік алды.