Ерекше білім беруді қажет ететін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілеріне ойын терапиясын сөйлеу тілін дамытуда қолданудың маңызы

2023 жылдың 10 қаңтар күні Ақтөбе қаласының білім бөлімі Әдістемелік кабинетімен “Ақтөбе-Өрлеу” бірлесе отырып «Ерекше білім беруді қажет ететін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілеріне ойын терапиясын сөйлеу тілін дамытуда қолданудың маңызы» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Өз кезегінде әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі, семинар модераторы Гульнара Миндалина ерекше білім беруді қажет ететін тәрбиеленушілердің сөйлеу тілін дамытуда ойын терапиясының алатын орнының және де педагогтердың педагогикалық шеберлігін арттыру маңызды екенін өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде қаламыздың №41«Назерке» балабақшасының педагог-тәрбиешілері Д.Н. Бисеналина, М.А. Сариева, Ұ.Қ. Лаубай, психологі А.Қ.Айжанова, логопед А.Х. Давлетова, А.Қ. Диханбайлар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында балабақша меңгерушісі А.Г. Уртамбаева рефлексия өткізді.
Семинарға қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстанудың әдіс-тәсілдерімен практика жүзінде көре отырып, өз білімдерін жетілдірді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін және әлеуметтік серіктестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар