Бүгін, 25 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс кеңістігін құру принциптері мен шарттары» тақырыбындағы республикалық вебинар-практикум өткізілді.
♻бинар-практикум жұмысының мақсаты –ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдана отырып, жұмыс кеңістігін құру, алған білім-білік дағдыларын іскелікпен қолдану тәжірибесімен бөлісу.
♻ Вебинар-практикум жұмысына республика бойынша облыс, қала, аудан педагогтері қатысты.
♻Вебинарда Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушысы М.Сахарбаева “Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға оқу бағдарламаларын бекіту” тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.