Ересектерге қосымша білім беру: халықаралық үрдістер мен ұлттық басымдықтар

2022 жылдың 18 қарашасында “Өрлеу” Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың Республикалық Институтының базасында “Ересектерге қосымша білім беру: Халықаралық үрдістер мен ұлттық басымдықтар” тақырыбында симпозиум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: тұрақты даму жағдайында ересектерге қосымша білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау, стратегиялық ұсыныстарды әзірлеу.

Жұмыстың негізгі бағыттары:1. Андрагогика ересектерге білім беру теориясы ретінде, қазіргі қоғамдағы андрагогтың рөлі.2. Ересектерге білім беруді дамытудағы қазіргі басымдықтар мен тенденциялар.3. Ересектерге қосымша білім беру мұғалімдердің біліктілігін арттырудың заманауи білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.4. Ересектерге қосымша кәсіптік білім берудің қалыптасуы мен дамуының халықаралық тәжірибесі.

Іс-шараға қатысушылар: Мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, біліктілікті арттыру жүйесінің, облыстық (қалалық, аудандық) білім басқармаларының басшылары мен педагогтары, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім беру ұйымдарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар және ересектерге қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің өзге де өкілдері.

Симпозиум білім беру саласындағы көшбасшыларды біріктірді, жаңа форматтағы педагогтардың үздіксіз біліктілігін арттырудың жаңа моделінің мәнін ашуға мүмкіндік берді, ХХІ ғасырдағы ересектерге білім берудегі заманауи сын-қатерлер мен трендтерді анықтады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар