Ақтөбе қаласындағы №32 «Қуаныш» бала бақшасында 2023 жылдың 21-сәуір күні мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Ерте жастағы балалардың ойын әрекеттерін талдау» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: ерте жастағы балалардың ойын әрекеттерін бақылау және бекіту. Семинар модераторы С.М.Шаштыгарина мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ерте жастан ойын әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталды. Педагогтар ұйымдасқан іс-әрекет барысында балалардың ойын әрекеттерін бақылау (еркін ойын, бағалау парақтары, сауалнамалар/пікіртерімдер, чек-парақ, бағалау шкалалары және т.б.) жүргізілді.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтары бірлескен жұмыста кәсіби дағдыларын ортаға салып, рефлексия кезеңінде ұйымдастырылған іс-шараға сындарлы пікірлері мен ризашылықтары білдірді.


