Биыл «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығына 10 жыл толады. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметкерлері Байзақ ауданының бірқатар үздік мектептерінде болды. 2018 жылы Өрлеуде эмоционалды зияткерлікті дамытатын үштілді оқыту бойынша біліктілікті арттыру курстарын алғашқылардың бірі болып бітірген география және биология пәнінің мұғалімі Кравчук Евгений Анатольевич балаларды тәрбиелеуге және оқытуға, креативті ойлауға және стандартты емес көзқарасты дамытуға қалыптастырудағы өзінің естелігімен бөлісті. Евгений Анатольевич YouTube арнасындағы «GM arnasy» шығармашылық студиясы туралы айтты. Бұл арнаны құрудың мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ерте кәсіби бағдарлау. YouTube арнасындағы «GM arnasy» «Әрбір бала – бір жұлдыз» , «Педагогикалық диалог» және «Айымның ғажайып әлемі» мультсериалы сияқты бағдарламалар шығады. Қазіргі уақытта студияның жұмысына сценарий жазумен белсенді айналысатын, бейне түсіруге және монтаждауға қатысатын, сондай – ақ мультипликациялық сериаға дубляж жасайтын актер болып 8-10 сынып оқушылары қабылданады. Мультфильмнің бір сериясын жасау процесі 2-3 жұмыс күнін алады. Алдымен серияға арналған сценарий жазылады, соған сәйкес сюжеттік тақталар жасалады. Содан кейін мультфильмге арналған көріністер Cartoon Animator арнайы бағдарламасында жасалады. Жоба соңында сахналық монтаждау мен дубляж жасалады. Кейіпкерлерді дубляждауға оқушылар қатысады. Мектеп студиясында жұмыс істеу арқылы оқушыларға режиссер, монтаж режиссері, дыбыс режиссері, оператор, дубляж актері, диктор, аниматор, сценарист сияқты мамандықтарды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар балаларға уақытты басқаруды, яғни уақытты сауатты бөлуді үйретеді, Бұл балаларға тайм-менеджментті, уақытты басқаруға және ұтымды пайдалануға үйретеді, өйткені жобаларды уақытында тапсыруға уақытты тиімді бөлу керек. Бүгінгі таңда елге шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, әртүрлі мәселелерді дербес және стандартты емес шешуге қабілетті Кравчук Евгений Анатольевич сияқты мұғалімдер қажет.

