25 қыркүйек “Өрлеу-Атырау” филиалындағы «Заманауи жағдайда білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын жүргізу үшін педагогтердің құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары еңбек күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
🔹«Еңбек түбі-береке» деп аталатын жиынға курс тыңдаушылары институт қабырғасында еңбек ететін бірқатар ұжым мүшелерін шара қонағы етіп шақырды. Мерекелік ән-шашумен әсемделген шара тренинг, құттықтау сөзбен жалғасып, еңбек күнінің маңызы туралы да сөз қозғалды.
Курс тыңдаушыларына ұжым атынан мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс айтамыз!
🔸Айта кетейік, Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген.



