«Е. Бекмахановтың тарихи тағылымы: ұлт тарихы және ұлттық құндылықтар» атты республикалық педагогикалық оқулар қорытындыланды

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында аса көрнекті қайраткер, ғалым Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған «Е.Бекмахановтың тарихи тағылымы: ұлттық тарих және ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы Республикалық педагогикалық оқулары өтті.

«Бекмаханов оқулары» білім алушылардың білім сапасын арттыруға ықпал ететін өзекті педагогикалық тәжірибені, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін тарату мақсатында өткізілді.

Республикалық педагогикалық оқулар жұмысына еліміздің әр өңірінен жоғарғы оқу орындарының, «Өрлеу» филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, жалпы білім беретін пән мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Конференция жұмысына 300-ден астам материалдар келіп түсті, саралау қорытындысы бойынша 258 мақала «Бекмаханов оқулары» материалдарының жинағына енгізілді.

Педагогикалық оқулардың пленарлық мәжілісінде «үздік» деп іріктелген жұмыстардың 11-і тыңдалымға ұсынылып, тыңдалым барысында талқыланды. «Бекмаханов оқуларының» жұмысына қатысушыларға бірыңғай үлгіде сертификаттар берілді, материалдар жинағы дайындалып, таратылды. Алдағы уақытта өткен күн мен бүгінгі күннің тарихын жалғастырып, төл тарихымыз бен мәдениетімізді таныту, жан-жақты дамыған заманауи тұлғаны қалыптастыру бағытындағы әдістемелік шаралар ауқымы кеңейіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстары жалғаса бермек!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар