Үстіміздегі жылдың 30 мамыр күні Меркі ауданы, №18 тірек мектебінде Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Кошкинбаева Жанар «Блум таксономиясы негізінде сабақты жоспарлау және тапсырма әзірлеу» тақырыбында семинар өтті. Жазғы мектептегі химия және биология пәнінің мұғалімдеріне Блум таксономиясы негізінде сабақты жоспарлау мен қалыптастырушы бағалау тапсырмасын құрастырудың тиімді әдістері ұсынылды. Мұғалімдер семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті.

