Жайлы мектептерге арналған 2 күндік семинар-тренинг аяқталды

2025 жылдың 5-6 қаңтары аралығында жайлы мектептердің ұжымдары үшін «Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау» атты екі күндік семинар-тренинг аяқталды.

Шараның мақсаты — мектептерде қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және әрбір педагогтің кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Қарасай ауданының Көкөзек, Елтай, Долан жайлы мектептерінде және Алатау ш.а. №7 орта мектебінде қатысушылардың кәсіби дамуына және ұжымдық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған тақырыптарты қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында қатысушылар ынтымақтастық, өзара қолдау және тәжірибе алмасу негізінде мектепішілік педагогикалық қауымдастықты құрудың маңызды аспектілерін талқылады.

Екінші күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың онлайн-баяндамасынан басталды. Спикер жайлы мектептердің жұмыс істеу перспективаларын, олардың мәртебесін және педагогтердің кәсіби дамуын анықтады.

«Өрлеу» Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова эгалитаризмнің идеялары мен принциптерін егжей-тегжейлі баяндады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Руслан Қаратабанов МЖМС мазмұны арқылы жүзеге асырылатын жайлы мектептер жобасының негізгі ережелері туралы баяндады.

Бұдан әрі педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің бас маманы Үміт Құттыбайдың сөз сөйлеуі барысында жайлы мектептерді лицензиялау мәселелерімен танысты.

Семинар-тренингке қатысу арқылы педагогтар өздерінің білімдерін жетілдіріп, мектептердегі ұжымдық жұмыс процестерін жақсартудың тиімді тәсілдерін анықтады. Іс-шара «сұрақ-жауап» форматындағы сессиямен аяқталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар