Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау

Тараз қаласындағы №67 орта мектеп базасында «Жайлы мектеп» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 6 қаңтар күні «Жайлы мектеп» тұжырымдамасын іске асыру үшін педагогикалық қоғамдастықты құруға және дамытуға арналған маңызды іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – «Өрлеу «БАҰО» АҚ.

Іс-шараның мақсаты – педагогтер арасындағы ынтымақтастықты, өзара қолдауды және тәжірибе алмасуды нығайту, бұл қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін негіз болады.

Іс-шара модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оқу ісі департаментінің директоры Г.Жайлауованың құттықтау сөзімен басталды. Ол педагогтердің кәсіби қоғамдастығын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, қазіргі білім беру жүйесі үшін «Жайлы мектеп» тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталды. Іс-шара барысында білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың пікірлері тыңдалды. 

-ҚР Оқу-ағарту Министрлігі орта білім беру Комитетінің төрағасы Қ.Жұмашев «Жайлы мектеп» тұжырымдамасын іске асыру кезеңдері және оның қазіргі білім саласы үшін маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.   

-ҚР  Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің сарапшысы Ү.Марқабайқызы білім беру ұйымдарын лицензиялаудың негізгі аспектілерін атап өтіп, сапаның барлық деңгейлердегі маңыздылығын жан-жақты түсіндірді.

-«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы А.Шилибекова эгалитаризм идеяларын қазіргі білім беру жүйесінің маңызды қағидаттарының бірі ретінде ұсынды.

-Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.Қаратабанов мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мазмұны арқылы іске асырылатын жаңа жобаның негізгі ережелерін ашты.

-Қарағанды қаласының «Жайлы мектеп» директоры Г.Асамадинова педагогикалық ұжымның қолайлы және жайлы білім беру ортасын құрудағы басты рөліне назар аудара отырып, тұжырымдаманы практикаға енгізудің табысты тәжірибесін ұсынды.

Онлайн-бөлімде сұрақтар мен жауаптардың интерактивті сессиясымен аяқталды, онда қатысушылар бастаманы іске асырудың ең өзекті аспектілерін талқылады, бұл педагогтермен сарапшылар арасында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Осындай кездесулер кәсіби қоғамдастықты нығайтуға ықпал етеді және жаңа форматтағы мектептер құруға негіз болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар