«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облыстық филиалы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының табысты іске асырылуына бастамашы болды. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің №7 орта мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды. Қолдау орталығын «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Латипа Қожамжарова ашты.
Мектептердегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы – бұл ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға, ата-аналардың тәрбиелеу дағдыларын жетілдіруге және оқушының жан-жақты дамуына ықпал етуге бағытталған арнайы орталық.
Ата-аналарға арналған семинар-тренингтер, педагог-психологпен кеңестер, ашық есік күндері және мектеп ішілік кездесулер, ата-аналар клубтары немесе кеңестері ұйымдастырылатын болады.
Мұндай орталық ата-аналар білім беру процесінің толыққанды серіктесіне айналады; балаға қатысты шешімдер ата-ана-мектеп бірлесе отырып қабылданады; мектеп мәдениеті мен тәрбие жүйесі отбасы арқылы жалғасады.Педагогикалық қолдау орталығы — бұл тек ата-аналарға арналған емес, оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуына бағытталған ортақ алаң.
«Мықты мектеп – белсенді ата-анадан басталады!»