Жайлы мектеп ұжымына арналған 2-күндік тренинг

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағанды қаласының №19 мектебі салынып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілді.

Жобаның негізгі мазмұны – балаларды оқыту және жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта құру.

Бүгін «Өрлеу» – Қарағанды филиалының оқытушылары мектеп ұжымы үшін 2 күндік тренингті бастады. Тренингке кәсіби даму, командалық білім беру, цифрлық дағдыларды дамыту, кәсіби құзыреттіліктерді диагностикалау мәселелері кіреді.
Тренингтің бірінші күнінің мақсаты – тиімді командалық жұмыс дағдыларын дамыту, команданы біріктіру және командалық рухты қалыптастыру. «Өрлеу» тренерлері қолданатын әдістер мен стратегиялар жаңадан құрылған үлкен ұжым мүшелеріне бір-бірін жақсырақ білуге, әрқайсысының күшті жақтарын бағалауды үйренуге және топтық жұмыс дағдыларын жақсартуға көмектеседі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар