Осы апта «Өрлеу»-Павлодар үшін қаламыздың №27 ЖОББМ педагогтеріне арналған әдістемелік сағатпен тәмәмдалды. Филиал директоры Р.Ашимбетова өткізген «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі ата-аналармен ынтымақтастық» тақырыбында өткізген семинар ауысым арасындағы 45-минуттық практикумға айналды.

Ұстаздар оқушылардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынастардың жаңа нысандарын талқылады. Мектеп мұғалімдері М. Бойкова, М. Конукпаева, А. Мухаметжанова өз сынып ата-аналарымен жасалатын тиімді ынтымақтастық тәжірибелерімен бөлісті. Оның құпиясы өте қарапайым болып шықты: әкелер мен аналарға балаларының жетістіктерін, жиналыстар барысында олардың өнер көрсетіп, билеп, көмектесіп жатқан мезеттерінің фотосуреттері мен бейнематериалдарымен таныстыру, яғни ата-аналарға олар білмейтін балалардың қасиеттерін күтпеген жерден «ашу». Оқушылармен жақсы қарым-қатынас та аса маңызды рөл атқарады: егер бала ұстазын шын жүректен жақсы көріп, құрметтейтін болса, онда ол әрқашан мұғалімі үшін қорғанға айналып, ата-анасын мектеп өміріне белсене қатысуын сұраса, әке-шешенің бүлдіршінінің сұрауын орындауға тура келеді.

Семинарда қыздар мен ұлдарды тәрбиелеудегі әке мен ананың рөлі, жақсы отбасының қасиеттері, ата-аналар жиналысын өткізу форматы туралы сұрақтар талқыланды. Мектеп әлі күнге дейін ересектердің өміріндегі жетекші рөлі – әке мен ана болу жайында хабардар болуында өзінің ағартушылық қызметін сақтауда. Өйткені, жақсы ата-ана болуды ешкім үйретпейді. Өз балаңды әр қырынан білу үшін не істеу керек? Ұл мен қызың үшін қалайша дос болып қалу керек? Бақытты отбасы дегеніміз не?
Қатысушылар «күлкі-йога», «күннің тууы» сияқты гуманистік педагогика жаттығуларын сынап көрді, олар сынып ата-аналарын таң қалдырып, тәрбиелеу үшін қандай ақпарат ұсынатынын анықтады.
Мұғалімдердің пікірлеріне жүгінетін болсақ, мұндай ынталандырушы кездесулер олар үшін қажет екен, себебі олар көп нәрсені білгенімен, іс жүзінде сирек қолданатын көрінеді .