Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз. Осы орайда 31 қаңтар күні «Ақтөбе-Өрлеу» филиалында «Жалпы білім беру үрдісіне ерекше білім беру қажеттіліктері балаларды кіріктіруді психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында семинар өтті.Семинар спикері аға оқытушы Ғалия Сеткереева ерекше білім беру үдерісін дамытудың негізгі стратегиялары мен білім берудің табысты тәжірибелерін талқылады. Семинар барысында ерекше білімді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіп, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар мен тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары ұсынылды.
Семинарға қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өз білімдерін жетілдірді. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін және әлеуметтік серіктестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – біздің міндетіміз.




