Жамбыл – «Өрлеу» байқау туралы хабарлайды

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Тараз қаласының №16 бөбекжай-бақшасында біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне қатысу бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында А.Әбілова мен С.Шевченко конкурс өткізу  Ережесімен, бейнематериалды ресімдеуге қойылатын негізгі талаптармен және конкурсқа қатысу үшін өтінім беру нысанымен егжей-тегжейлі таныстырды. Мұғалімдер сюжеттің құрылымы, сценарийді әзірлеу, түсірілім сапасы және монтаждау ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды.

Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруге 2022 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық  байқауының өңірлік турының жеңімпаздары –  №16 бөбекжай-бақшасының логопеді Субботкина Ольга және №9 бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шүкірбаева Жадыра атсалысты. Іс-шара соңында педагогтер Жамбыл – «Өрлеу» ұжымына ұсынған  ақпараттары үшін алғыс айтып, конкурсқа қатысуға ниеттерін білдірді.

Құрметті, ұстаздар, естеріңізге саламыз:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 10 қазанға дейін https://ppi.orleu-edu.kz  сайтында қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69А, тел: 8(7262) 54-61-81.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар