Жаратылыстану-математика бағыты педагогтерінің кәсіби құзырлылығын дамыту:нәтижелі оқыту

2023 жылдың 13 сәуір күні «Ақтөбе-Өрлеу» филиалында «Жаратылыстану-математика бағыты педагогтерінің кәсіби құзырлылығын дамыту:нәтижелі оқыту» тақырыбында облыстық кейс-сессия өтті. Іс-шарада кафедра меңгерушілері Айгүл Каплиева мен Елизавета Давлеткалиева кіріспе бөліміне тоқталды.

Кейс-сессия мақсаты-нәтижеге жетуде жаратылыстану-математика бағыты педагогтерінің кәсіби құзырлылығын дамытуға қолдау көрсету. Іс-шараға Байғанин ауданы мен қала мектептерінен келген мұғалімдер Е.Саматов, Г.Хамзина, А.Король, Е.Макарова, А.Исенгалиева, З.Тилешевалар тәжірибелерімен бөлісіп шебер кластар көрсетті.

Кейс – сессия жұмысының барлық кезеңдері нақты жоспарланып, мұғалімдер ақпараттық технология мен әр түрлі жұмыс түрлерін шебер қолдана білді. Іс-шараға қатысқан мұғалімдер іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар