2022 жылғы 31 қаңтар күні «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.Іс-шараны директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Б.Ахтаев ашып, мектеп оқушыларымен зерттеу жұмыстарын жүргізудегі мұғалімдердің кездесетін негізгі қиындықтары мен оларды шешу жолдары бойынша өз тәжірибесін ұсынды. Кафедра меңгерушісі Г.Рахимжанова зерттеуді жүргізу кезінде әдебиеттермен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті. Кафедра оқытушылары О.Найзабек «Физика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері», Г.Батькаева «Мектепте физика пәнін оқытуда оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту», Г.Садыкова «Информатика пәні бойынша оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыптарында жаратылыстану бағытындағы пәндерде оқушылармен жұмыс жүргізудің маңызды технологияларымен бөлісті. Семинар соңында мұғалімдер ұсынылған тәжірибелер оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін көмегі зор екенін атап өтіп, өз кезегінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты мен мектептер арасындағы ғылыми бағытта жасалған байланыс мазмұнды нәтиже беретініне сенімді екенін айтып, алғыстарын білдірді. Аға оқытушылар: Найзабек О.Т., Батькаева Г.А., Садыкова Г.А.


