26 сәуір күні «Жаратылыстану сауаттылығын дамыту процесінде білім алушылардың нәтижелерін бағалау, қадағалау әдістемелері мен құралдарын іріктеу» тақырыбында шебер сынып өтті. Шыбер сыныпты «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Э.Тугелбаева ұйымдастырды. Шебер сынып мақсаты: биология сабақтарында білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру. Шебер сыныпқа Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты жалпы білім беретін мектептерден 26 биология пәнінің мұғалімі қатысты. Шебер сынып аясында зерттеу және бақылау нәтижелерін салыстыру негізінде білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытудың өзіндік тәжірибесін жақсарту және күнделікті өмірде жаратылыстану сауаттылығын пайдалану дағдыларын қалыптастыру үшін эксперименттер, демонстрациялар, пікірталастар және практикалық сабақтар өткізу бойынша бағыт-бағдар берілді.

- 26 Апр
- 2024