2023 жылдың 26 қаңтар күні № 65 жалпы білім беретін орта мектебінің сұранысына сәйкес «Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуды инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар мақсаты: жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пəндерді оқыту үрдісінде тəжірибе алмасу, тиімді əдістерді қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу, мұғалімдердің кəсіби құзыреттілігін дамыту.
Семинар аясында “Ақтөбе-Өрлеу” филиалы директоры Нургуль Абишева мен N65 ОМ басшысы Марфуга Жантуринаның бірлескен ынтымақтастық жұмыстары бойынша меморандумға қол қойылып, химия пәні мұғалімдерінен құрылған шеберхананың ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара барысы ашылуынан соң химия пәні мұғалімі Ж.Сүтенов, география пәні мұғалімі Б.Қабақбаев, биология пәні мұғалімі А.Жолдыбаева және жаратылыстану пәні мұғалімі А.Амидуллаева ашық сабақ көрсетсе, Мұғалжар, Байғанин, Ойыл аудандары мен қала мектептерінен келген 16 мұғалім панорамалық сабақ көрсетті.
Семинарға қатысқан және іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге алғыс айта отырып, өз ризашылықтарын білдірді.








