26 сәуір күні Ақтау қаласындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп базасында Өрлеу-Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту әдістері» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ өтті.
🔹Тыңдаушылар курстан алған теориялық білімдерін білім ұйымдары базасында көшпелі тәжірибелік сабақтар шеңберінде іске асыруда. Бірлескен қызмет тыңдаушылардың кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
🔹Көшпелі тәжірибелік сабақтың мақсаты: оқушыларды жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту әдістеріне сәйкес оқыту.
🔹Тәжірибелік сабақтар жоғары деңгейде өтіп, пән мұғалімдерінің қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар өз қоржындарына қажетті білім азығын жинады.