«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша КДИ» білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша көпшілік дәрістер циклін жалғастыра отырып, осы жолы облыстық Білім басқармасының педагогтармен жұмыс мониторингі бөлімінің аға әдіскері (басшысы) Арайлым Алимбайқызы Абдрахованы дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.
Арайлым Алимбайқызы облыс білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері және шағын жинақталған мектептер оқытушылары – курс тыңдаушыларының көптеген сұрақтарына жауап берді. Курс тыңдаушыларын «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу рәсіміндегі» жаңалықтар қызықтырды. 2021 жылдың соңында аттестаттаудың ескі ережелеріне көптеген толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын, бұл шалғай ауылдар мұғалімдерінің оларды зерделеп оқып шығуына себеп болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа енгізілімдер, сондай-ақ педагогтарды толғандыратын білім берудің басқа да көптеген тақырыптары бойынша жетік түсініктемелер алды. Өңір педагогтарының білім деңгейін дамытуға мүдделі қатысушылар арасында іскерлік әңгіме болды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша КДИ-да жария дәрістер өткізудің қажеттілігі туралы қойылған сұраққа филиал директоры Марионелла Васильевна Слесарь жауап берді: «Білім беру саласындағы мемлекеттік органдар мамандарының қатысуымен жария дәрістер өткізу идеясы институтта біліктілікті арттыру курстарындағы тыңдаушылардың сұраныстарына негізделіп пайда болды. Біз олармен келістік және курс тыңдаушыларымыздың мектептегі аттестация рәсіміне қатысты сұрақтарына ғана емес, барлық сұрақтарына сауатты жауап бере алатын мамандарды дәріскер ретінде дөңгелек үстелге шақырамыз. Біздің мұғалімдердің қызығушылық шеңбері кең және біз оларды қанағаттандыруға тырысамыз.
Осындай іс-шаралар жағымды әсер береді, өйткені курс тыңдаушылар білім беру мекемелеріне барып өз сұрақтарына жауап іздеуге уақытын жұмсамайды. Біз олардың сұраныстары мен мүдделерін тікелей «Өрлеу» филиалында жария дәрістер өткізу арқылы қанағаттандырамыз».

