Жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өткен педагогтер саны 245 мыңнан асты

Қазақстандық педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы жалғасуда. Жаңа оқу жылында 245 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектіні білім беру процесінде тиімді пайдалану бойынша курстан өтіп, оның 176 мыңға жуығы куәлік алды. Ең белсенділер қатарында Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облысының педагогтері бар. Әсіресе, бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және математика пәні мұғалімдері айрықша белсенділік көрсетті. Курстың негізгі тыңдаушылары – 31-50 жас аралығындағы педагогтер.

Курс барысында мұғалімдер ЖИ құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыда дұрыс қолдануды, промпт жазуды, сабақ жоспарлауды, тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді меңгерді.

Бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта тегін онлайн қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар