Бүгінгі күні технологияның дамуы білім беру саласына үлкен өзгерістер енгізуде. Осыған орай, Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Жанар Жартынова оқытушыларды жасанды интеллект платформаларымен таныстыру және тәжірибе бөлісу мақсатында тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
📌 Мақсаты – оқытушылардың заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту және білім беру сапасын арттыру.
🔍 Семинардың негізгі тақырыптары:
- Жасанды интеллект платформаларын оқу процесіне енгізудің тиімді жолдары;
- Интерактивті оқыту әдістері мен құралдары;
- Жасанды интеллекттің оқушылардың білімін бағалаудағы рөлі.
💡 Семинар барысында:
Қатысушылар жасанды интеллект платформаларын қолданып, білім беру саласында қолдануға болатын нақты шешімдермен танысты. Практикалық жаттығулар арқылы олардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде байқап көрді.
🌟 Білім мен технология тоғысқан бұл іс-шара Институт оқытушылары үшін пайдалы әрі шабыттандырарлық болды.


