«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Меруерт Бименова, Гульмира Избасарова 2023 жылдың 11 мамыр күні Шымкент қаласы «Білім-Инновация» ар балаларға арналған №1 лицей-интернатының базасында жалпы білім беретін пән мұғалімдері үшін «Педагогикалық тәжірибе жинақтауда жас маманмен менторлық тәсілдер» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында білім беру үдерісінде тиімді менторлық тәсілдерді қолдану жолдары мен озық тәжірибелерді тарату арқылы жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту аспектілері қарастырылды. Сонымен қатар ағылшын тілі пәні мұғалімі Шолпан Аширова «TBL арқылы сыни ойлауды дамыту» тақырыбында баяндама оқып, жасалған жұмыстың кезеңдерін айқындап, қорытынды нәтижелерімен бөлісті. Меруерт Бименова оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру, оқытудың әдістері мен құралдары, оқуды ынталандыру, және де қысқа мерзімді жоспарлауда қиындық туғызатын аймақтарына тоқталып өтті. Семинарға ер балалар мектеп- интернатының жас мамандары белсене қатысып, пәндік құзыреттілігін арттыруға бағыт-бағдар алды.

- 11 Май
- 2023