2022 жылғы 31 мамырда «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Ж.Л.Нурлыбаева, Б.У.Шериев, Р.П.Кабылбаева, А.А.Жангабулова қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтерінің эссе жазу әдістемесі бойынша тәжірибелерін жетілдіру мақсатында “Эссе жазудың тиімді тәсілдері” тақырыбында жас мамандарға шебер-сынып өткізді. Кафедраның аға оқытушылары жас мамандарға оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейлерін дамытып, ақпаратты құрылымдап, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп, өз тұжырымдарын дәлелдей алу бағытындағы тапсырмаларды ұсынды.



