Жас педагогтің жетістікке жетуінің кепілі – тәлімгерлікті ұйымдастыру

“Тәлімгерлік: шығармашылық, қарым-қатынас, өсу” тақырыбындағы  шара Оралдағы «Өрлеу» филиалында  31 қазан күні жалғасты. 

    «Жас педагогтің жетістікке жетуінің кепілі – тәлімгерлікті ұйымдастыру» тақырыбында  №16 ЖОББМ биология пәні мұғалімі Анна Дудина мен қалалық  білім бөлімінің  химия, биология,география пәні бойынша әдіскері Салтанат Кажгалиева шебер-сынып ұйымдастырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бұл қатысушыларға  кәсіби дағдыларын дамытуға, жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік берді.

    Филиалдың аға оқытушылары  Анаргүл Абдрахманова, Гульфия  Алипкалиева және Гүлжанар  Төремұратова «Тәлімгермен бірге өз әлеуетіңізді (мүмкіндігіңді) ашыңыз» атты эксперттік сессия ұйымдастырылып,  тақырыптың мүмкіндіктері кеңінен айтылды. Екі күндік шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар  өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар