26 қазан күні Ақтөбе облысы бойынша Кəсіби даму институтында Республика күніне арналған «Жас педагогтің шығармашылық қызметі – кәсіби және тұлғалық дамуының негізі» тақырыбында Республикалық семинар өтті.
Семинарға еліміздің әр өңірінен 300 педагог онлайн және 110 педагог офлайн форматында қатысты.
Тәжірибе алаңында Шымкент қаласы, М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназияның мұғалімі Г.У.Садырбаева, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Боровской облыстық санаторлық мектеп -интернаты мұғалімі,педагог-шебер А.К.Есетова, Ақтөбе қаласы, №23 ОМЛ мұғалімі, магистр, педагог-шебер Н.А.Пеннер, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы ЖББОМ директордың І санатты ОІЖ орынбасары, педагог-зерттеуші М.Н.Ербозымова, Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы директорының ІІ санатты БІЖ орынбасары, педагог-шебер Ж.К.Куанова, Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы директорының ТІЖ орынбасары, педагог-зерттеуші А.И.Джумагалиева тәлімгер мен жас педагогтің зияткерлік сабақтастығы, “Жас педагогтер мектебінің” ізденістері мен жетістіктері, жаңадан бастаған мұғалімнің бейімделу кезеңінің негізгі мәселелері және оларды жеңудегі тәлімгердің рөлі, тәлімгерліктегі жанжалды педагогикалық жағдайларды шешу мәселелері жөнінде интерактивті түрде қатысушылармен жан-жақты талқылады.
Іс-шараға қатысушылармен кафедра меңгерушілері, п.ғ.к., доцент А.К.Каплиева эксплициттік ойдан имплициттік ойлауға фасилитациялық сессия, п.ғ.к Е.С.Давлеткалиева ұрпақ тепе-теңдігі жөнінде коучинг өткізді.
Семинар модераторы, институты директоры, ф.ғ.к. Н.А. Абишева іс-шараның мазмұндылығы мен өзектілігін ерекше атап өтіп, белсенділік танытқандары үшін барлық қатысушыларға зор алғысын жеткізді.
























