“Жас ұрпақ” педагогтері тәжірибесімен бөлісті

Кеше Өрлеу-Павлодарда «Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерін заманауи қазақстандық қоғамға табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасау» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға аймағымыздың интернат мекемелері мен балалар үйлерінің педагогтері қатысты. Семинар барысында «Жас ұрпақ» Жастар үйінің педагогикалық ұжымы тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуінің білім беру кеңістігін ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесін ұсынды.

Семинар қатысушыларының серпінділігі жоғары болды. Олар спикерлерді сауалдармен жаудырып, пікірталас пен ойындарда белсенділік танытты. Бұл, өз кезегінде, мұғалімдердің жұмысқа деген жоғары ынтасын көрсетеді. Мұғалімдер семинарда ұсынылған жұмыстың мазмұны мен технологияларды қызметінде қолдана алады. Іс-шара пікір алмасу және ұсыныстар түрінде қорытындылаумен аяқталды. Педагогтердің жұмысын жаңа деңгейге көтеретін, шығармашылық жетістіктерге жетелейтін тиімді тәжірибе -семинардың нәтижесі болмақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар