«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс істеудің білім беру технологиялары» тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша елордалық мектептердің география мұғалімдеріне арналған курс өтуде.
Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы ГАЖ технологиясын қолдану негізінде оқушылардың геоақпараттық құзыреттілігін қалыптастырумен айналысатын география мұғалімдеріне арналған.
Бағдарлама мазмұнының жаңалығы география сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталған ГАЖ қолдану жүйесін құрудан, оны білім беру процесіне кеңінен енгізу арқылы оны жандандыруға жағдай жасаудан тұрады.
Қазіргі білім беру бағдарламасында ГАЖ-технологиялар материалдарымен 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ ЖОО студенттері жұмыс істейді. Бұл бағдарлама 7-сыныптан бастап геоақпараттық технологиялармен танысуды қарастырады, яғни қазіргі білім беру жүйесінде аналогтардың жоқтығын көрсетеді.
Курстың аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Исентаева Кунсулу Аугалиевна.




