2022жылдың 13-ші қазан күні Ақтөбе қаласы, №73 М. Мақатаев атындағы ЖББОМ базасында, “Өрлеу” институтынан біліктілігін арттырған педагогтерге арналған курстан кейінгі сүйемелдеу, “Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау алгоритімі” тақырыбында облыстық семинар түрінде өтті. Облыстық семинар барысында институттың аға оқытушысы, пғм К. Рахатова алғы сөзбен ашып, мектеп мұғалімдері: Г. Туребаева, Ж. Танатова, Л. Аспантаева , Г. Алмурзаева, К. Нургалиева, Г. Таушановалар тәжіриебелерімен бөлісіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинар барысында педагогтерге жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, құрылымы таныстырылып, критериалды бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану мәселелері, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары мен ерекшеліктері қарастырылды. Іс-шараға қатысқан педагогтер бағалау, сараланған тапсырмаларды құрастыру қиындықтары туралы өздерінің пікірлерімен бөлісіп, критериалды бағалауды қолданудың жалпы мәселелерін талқылады. Семинар өзара тәжірибе алмасуымен аяқталды.
Алдағы уақытта білікті тренердің жетекшілігімен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинарлар, шебер сыныптар өткізілетін болады.





