«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи сабақты жобалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды.

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша 2022 жылдың 07-18 ақпан аралығын қамтитын «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи сабақты жобалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын бастады.
Бағдарламаның мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи сабақты жобалау технологиясын меңгеру, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері: орта білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді білу өзектілігін және педагогтің миссиясы, рөлі және қызметтік міндеттері жайлы түсінігін арттыру; білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы өзгерістермен таныстыру.
Курстың жетекшісі: жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқұыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы – Ф.Б.Ғалымжанова.
Курсқа арнайы шақыртылған дәріскер: Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, PhD докторант – Баянғали Ғалымжанұлы.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар