Жаңартылған сабақты жоспарлаудағы 5 cұрақ

Ынтымақтастық шеңбері аясында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері Раушан Мәрсәлінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаңартылған сабақты жоспарлаудағы 5 cұрақ» тақырыбында workshop өткізілді.

Workshop жұмысы барысында пән мұғалімдері:

  • Сабақты жоспарлаудағы басшылыққа алынатын 5 сұрақпен танысып, сұрақтарды жеке-жеке талдады. Оның ішінде: бастапқы ынталандырушы материал аясында қысқа мерзімді жоспарлау алгоритмін нақтылады;
  • «Нені оқытамыз?» сұрағын талдауда «Сабақты жоспарлаудағы қадамдарын бір сабағының үлгісінде зерделеп, тапсырма барысында алған білімдері мен дағдыларының қаншалықты маңызды болғанын «Үш сөйлем» әдісі арқылы кері байланыста бағалады;
  • «Не үшін оқытамыз?» сұрағымен жұмыс аясында SMART-мақсаттарды қолданудағы тәжірибесінде қатысушылар өздерінің сабақтарының үлгісінде талдап, сұрақ-жауап арқылы сараланған мақсаттарды сауатты қою жөнінде әдістемелік көмек алып, аталған сұрақ аясында қажетті дағдыларын «БББ» кестесімен бекітті;
  • «Қалай оқытамыз?» сұрағын талдау барысында «Дыбыссыз ой атысында» тиімді оқыту мен оқу тәсілдерін жіктеп, бір сабағының үлгісінде оқыту мен оқуда қолданатын тапсырмаларына, танымдық және қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын салыстыра отырып, негізгі айырмашылықтарын анықтады. Workshop жұмысына қатысушылар «Қызық. Қиын. Қызықты» әдісі арқылы бағалады;
  • «Қайда оқытамыз?» және «Қалай оқытамыз?» сұрақтарымен жұмыста қатысушылар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы және сабақтың тізбектелген сабақтар топтамасындағы орнын анықтаудың маңыздылығын талдады.

«Сауатты сұрақ – сапалы сабақ» ұстанымы аясында сұрақ қою техникасы, сұрақтардың дәрежесі, оқушылардың сыни ойлауын дамытудың оңтайлы әдіс-тәсілдерімен танысты.

Workshop-тың қорытынды бөлігінде сындарлы диалогта сұрақ-жауап арқылы қатысушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын ортаға тастап, тренерден мазмұнды жауап алып, кері байланыста бүгінгі бас қосудағы жұмысқа бағаларын берді.

Алдағы уақытта білікті тренердің жетекшілігімен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинарлар, шебер сыныптар өткізілетін болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар