Пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытындағы курстар жалғасуда. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жылжымалы курс 15-26 тамыз аралығында Ақжайық ауданында да ұйымдастырылды. М.Әуезов атындағы ЖББОМ базасында Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы, білікті тренер Гүлфия Әліпқалиеваның жетекшілігімен өтіп жатырған курсқа аудан бойынша 25 мұғалім қатысуда. «Бастауыш сынып мұғалімдерінің «Математика”, «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қысқа мерзімді курста пәнді тереңдетіп оқытуда кездесетін күрделі мәселелер қарастырылған.
Жаңа бағдарлама бойынша сабақтарда семинар, тренинг, демо-сабақтар, шеберлік сыныптарына басымдық берілуде.



