2022 жылдың 17 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Комекова Сандуғаш Оралханқызы орта білім беру ұйымдары басшыларымен «Жаңа буын «Педагог» кәсіби стандартын» қарастыруда топтық талқылаулар дөңгелек үстел форматында өткізілді.
Дөңгелек үстел аясында педагог мамандығының құндылықтары, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңбері, кәсіби білім, оқыту тәжірибесі/тәрбиелеу және оқыту, педагогтердің кәсіби өсуі (дамуы), біліктілік санаттары бойынша педагогтердің құзыреттілік критерийлері, мамандық картасы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды.
Нәтижесінде «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай бағдарына айналады – деген ой тұжырымдалды.



