«10-11 сыныптар курсы бойынша күрделі тақырыптарды меңгеруде информатика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» курсы аясында тыңдаушылар AppInventor бағдарламасы арқылы Мобильді қосымшаларды әзірлеумен шұғылданады, Python–да деңгейлік тапсырмаларды бағдарламалайды, Web–беттерді, деректер базасын, 3D-турларды жасап, жасанды интеллект, Blockchain технологиясын, Машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді және т. б. зерттейді. Практикалық тапсырмалар педагогтерге сабақтардың түрлі форматта, әрі тиімді өткізілуіне бағытталған түрлі цифрлық сервистермен (Miro, WordITOut, LearningApps, Padlet, Jamboard, WordWall, Mentimeter, Kahoot) танысуға мүмкіндік береді. Жаңа буын пәндік курстары заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің берік білім жүйесін құруға мүмкіндік береді.

