«Педагог» кәсіби стандарты – педагогтерді даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың, мамандарды қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылатын құжат.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында қала мектептерінің пән мұғалімдерімен Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Педагог» кәсіби стандартының жобасы талқыланды.
Вебинар кіріспесінде сөз алған институт директорының орынбасары Сәкен Серікбаев жаңа буын «ұстазына» мүмкіндік беретін кәсіби стандарт бойынша білім беру бағдарламалары, педагогтерді сертификаттау және аттестаттау рәсімдері, үздіксіз кәсіптік даму мазмұны жаңартылғанын айтып өтті.
Вебинар спикері Ақмарал Ләпбаева кәсіби стандартта көрсетілген бес еңбек функциясына, педагог мамандығының құндылықтарына, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңберіне, 2017 жылы әзірленген және жаңа стандарттың айырмашылықтарына тоқталды. Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.
Жаңа стандарт білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай тірек нүктесіне айналатын болады.


