Жаңа жоба тыңдаушылар арасында талқыланды

26 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында пәндік құзыреттіліктерді дамыту аясында біліктілікті арттыру курстары басталды.

Пән мұғалімдеріне арналған курстарды Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары Гүлдана Тасқалиева, Динара Жумагалиева, Гүльфия Алипкалиева, Арайлым Мукашева, Жеміс Еркегалиева, Алина Абишева, Сайра Сексенбаева, Рауан Мулдагалиевалар жүргізуде.

            Курстық іс-шаралар аясында «Педагог» кәсіби стандартын талқылау бойынша интерактивті дәрістер өткізілді.  «Педагог» кәсіби стандартының жалпы ережелері, қолдану саласы, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің шеңбері, құрылымдалған біліктілік стандарттары бойынша талқылап, керібайланыс орнатты.

Курс тыңдаушылары білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтердің біліктілігін арттырудың дамуына жаңа серпін беретін бірыңғай бағдары болып табылатын жаңа жобаның маңыздылығына тоқталып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Курсқа келген облысымыздың 225 ұстазы жаңа стандарт туралы ақпараттандырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар