Солтүстік Қазақстан филиалы Жаңа-2022 жылды «Білім беру ұйымы педагогінің тиімді тәжірибесін жалпылау технологиясы» тақырыбы бойынша семинарларды ұйымдастырудан және өткізуден бастады.
Семинарлардың негізгі бағыты – педагогикалық тәжірибені жалпылау жанры ретінде педагогтің ғылыми-әдістемелік мақаласын жазу тұжырымдамасын ашу, интернет-ресурстар арқылы педагогтердің жұмыс тәжірибесін тарату мүмкіндігі.
Семинар форматы: вебинарлар, модерация, рефлексивті кері байланыс түрінде өтуде. Семинар нәтижесі – «ХХІ ғасырдағы білім: тәсілдері, технологиялары, әдістемелері» (Қорған мемлекеттік университеті) Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін семинар тыңдаушылары дайындаған мақалалары, сондай-ақ «Өңірлік білім жаңалықтары» және «Teach Меет білім беру жобалары аясында Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі посттар, «Аймақтық білім беру: «фишкалар», «өзекті тұстар», ноу-хау».