Оралдағы «Өрлеу» институтында «Педагог» кәсіби стандарты бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін институт директорының оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Күміс Байкатова мен Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Гүлмаржан Өтеғұл қосымша білім беру басшылары мен педагогтері, мектептен тыс жұмыс орталығының педагогтерімен кездесіп, жаңа стандарты талқылады.
Zoom форматында өткен вебинарға 100-ден астам педагог қатысты.
Жиын барысында педагогтің кәсіби стандарты не үшін қажет, ол мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына қалай әсер ете алады?, педагогтің кәсіптік стандарты қалай білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді? деген сұрақтар талқыланды.
Қатысушылар жаңа стандартта көрсетілген сапалық біліктілік шеңберінің деңгейіне сүйене отырып, кәсіби қызметтің міндеттері, түрлері, мұғалімге қажетті білім мен білік, дағдылары бойынша ұсыныстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.



