Жаңа шешімдерді іздеу – жаңа нәтижелерге жету

Ағымдағы жылдың 11-21 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» базасында «Бастауыш мектептің оқу жоспарындағы пәндердің күрделі тақырыптарын оқу» тақырыбында  өткен курс аясында бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды өз мақсаттарына жетуге қалай үйрету керек, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу, зерттеу жүргізу, алған білімі мен тәжірибесін тарату, 1-сыныпта жазуды оқыту әдістемесінің ерекшеліктері қандай, комбинаторлық мәселелерді шешу дағдылары мен іскерліктерінің мәні неде деген сұрақтарға жауап таба алды. Оқыту практикалық сабақтармен байланыстырылып жүргізілді, онда тыңдаушылар өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Цифрлық технологияларды дамыту мен цифрлық сауаттылықты қалыптастырудың практикалық аспектілері бастауыш сынып мұғалімдерінің IT-құзыреттілігін дамытуға, сабақтарды жоспарлау дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Педагогтер курстың қазіргі уақыттағы өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар