Жаңа Қазақстандағы заманауи кітапхана

2023 жылдың 12 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институты мен Оралхан Бокей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі арасындағы ынтымақтастық әрекет ету қызметтері аясында «Жаңа Қазақстандағы – заманауи кітапхана» тақырыбында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының мектеп кітапханашыларына арналған семинар–практикумы ұйымдастырылды.

Бұл шарада аудандардан келген кітапханашылар Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада бас қосты. Семинардың негізгі мақсаты кітапхананы бүгінгі таңдағы жаңашылдықтарға орай ақпараттық, мәдени-ағарту және ғылыми зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру. Жаһандық үрдістен қалыспай заманауи технология түрлерін кітапхана қызметіне белсенді енгізу және меңгерту арқылы оқырмандар сұранысын жан-жақты қанағаттандыру. Біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі қолдау мектеп кітапханашылары үшін өте маңызды.

Іс-шара кезінде руханият ошағының жұмысы барысында заманауи техникаларды пайдаланудың қаншалықты маңызды екендігі көрсетілді. Сондай-ақ, қонақтар Өскемен қаласының «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханашысы Г.Н.Альтенованың «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы аясындағы мектеп кітапханасының жұмысымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында кітапханашылар практика жүзінде жұмыс жасап көрді және өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жан-жақты жауап алды. Шараның маңыздылығын тыңдаушылар қалдырған кері байланыстан оң деп бағалауға болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар