«Жаһандық құзыреттіліктер» курстары басталды

3 қазаннан бастап Оралдағы «Өрлеу» институтында орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған  онлайн форматында «Жаһандық құзыреттіліктер» біліктілік курстары басталды. Аталған біліктілік курстарына  бүгінгі таңда 75 мұғалім қатысуда.  Курс кураторлары институттың Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары, білікті тренерлер Гүлмаржан Өтеғұл, Сайра Сексенбаева және Рысханым  Куанаева.  Курс тыңдаушылары жаһандық құзыреттілік курсының бағдарлама құрылымымен танысып, жаһандық құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру құралдарын анықтайды, халықаралық және отандық цифрлық платформаларды зерттейді және оларды сабақтарда ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланады.

Сондай-ақ педагогтер теориялық білімдерімен қатар практикалық дағдыларын қалыптастырып, факультативтік курсын оқытудың ұйымдастырушылық, мазмұндық, әдістемелік, тұжырымдамалық негіздерін меңгереді.   

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар