«Жаһандық құзыреттіліктер» курсының алғашқы тыңдаушылары

«Өрлеу» БАҰО АҚ» филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты»  базасында онлайн форматта ү.ж. 03-14 қазан аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша арнайы біліктілікті арттыру курсы өткізіліп, оған Тараз қаласынан 30 педагог қатысты. Бүгін Институт директоры С.С.Құрманбекова тыңдаушылармен кездесіп, аталған курс бағдарламасын мектеп оқушыларына меңгертудегі педагогтердің инновациялық қызметі, пәнді оқыту ерекшеліктері, жаһандық дағды мен біліктілікті игертудегі педагогикалық әрекет, пәнді оқыту әдістемесін дамытудағы тың идеялар бойынша өзара  пікір алмасты. Кездесуде курс тыңдаушылары жаһандық сын-қатер мен өзгерістерге толы ғаламда оқушы меңгеруге тиіс жаһандық дағдылар мен  құзыреттілікті қалыптастырудағы  әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде тиімді пайдалану туралы ойларын да ортаға салды. Тыңдаушыларға жоба қорғау және қорытынды тестілеу нәтижесімен курстан өткені туралы арнайы Сертификат тапсырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар