«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы іс-тәжірибеде

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» мен Байзақ ауданының білім бөлімі арасында  әдістемелік қолдау көрсету бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 30 қарашасы күні «Жаһандық құзыреттіліктер» курсының мақсат-міндеттері және күтілетін нәтижесі» тақырыбында білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған  оқыту семинары өткізілді.  Мектеп  педагогтеріне «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын оқыту бойынша әдістемелік көмек беру, мұғалімдердің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында өткен семинарда Институт қызметкерлері Л.Ш.Утеулиева курсты оқыту мазмұнымен таныстырып, С.М.Қарымбаева педагогтермен практикалық тренинг өткізді. Тараз қаласы№25 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Сәрсембетова панорамалық сабақ арқылы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар