«Жаһандық құзыреттілік»  атты біліктілік арттыру курсының кезекті дәрісі өтті

10 қазаннан бастап Астана қаласы  «Өрлеу» институтында мұғалімдерге арналған  онлайн форматта  «Жаһандық құзыреттілік»  атты біліктілік арттыру курсы ашылып, оқыту жұмыстары басталды.

Курс тыңдаушылары жаһандық құзыреттілік курсының бағдарлама құрылымымен танысып, жаһандық құзыреттілікті мақсатты түрде қалыптастыру құралдарын анықтайды, халықаралық және отандық цифрлық платформаларды зерттейді және оларды сабақтарда ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланады.

Сондай-ақ педагогтер теориялық білімдерімен қатар практикалық дағдыларын қалыптастырып, факультативтік курсын оқытудың ұйымдастырушылық, мазмұндық, әдістемелік, тұжырымдамалық негіздерін меңгеруде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар